Құрамада қала ма? Адиев болашағына қатысты пікір білдірді

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев болашағына қатысты пікір білдірді, деп жазады Metaratings.ru.

"Қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясымен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта федерация келіссөздердің нәтижесін жариялайды. Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде бірге жұмыс істегіміз келеді. Ресей чемпионатынан қызығушылық танытты ма дейсіз бе? Ия, Ресейден ұсыныстар болғаны рас. Алайда өз басым Қазақстан құрамасындағы жұмысымды жалғастырғым келеді", - дейді Адиев.

Еске салайық, Адиев 2022 жылдың мамыр айында құрама тізгінін ұстады. Ресейлік бапкердің басшылығымен "қаршығалар" Ұлттар лигасында С дивизионында үздік нәтиже көрсетіп, В дивизионына жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport