Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының (U-19) бас бапкері Кирилл Кекер Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарға қатысатын команда құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz КФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиыны Алматыдағы "Қайрат" базасында өтіп жатыр. Тізімге 36 ойыншы енген, олардың қатарында елдің ең танымал қақпашысы – "сары-қаралар" командасының ойыншысы Шерхан Қалмырза бар.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Еуро-2026 іріктеу матчтарына іріктелген құрамы:
Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Рейімов (екеуі де – "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе"), Мадияр Төлеубек ("Ертіс"), Махмұтжан Сұңғатуллин ("Жас Қыран");
Қорғаушылар: Данияр Тушполатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кенесбеков (барлығы – "Қайрат"), Марк Богащев, Хасен Артурулы (екеуі де – "Ақтөбе"), Айдын Есболов ("Ордабасы"), Шыңғыс Қалиев ("Леванте", Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де – "Астана"), Аманжол Бақытжанов ("Тобыл"), Темірлан Төребек ("Ертіс");
Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы – "Қайрат"), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев ("Шахтер"), Ербол Құрманахан ("Жетісу"), Руслан Рахметов ("Ертіс"), Азамат Мұсаев ("Ақтөбе");
Шабуылшылар: Мансур Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (барлығы – "Қайрат"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания), Максат Әбраев, Ален Пак, Даниял Назаров (барлығы – "Астана").
Қараша айында Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы кезеңіндегі матчтарын өткізеді. Турнир Нидерландта өтеді, онда Кирилл Кекердің шәкірттері алаң иелерімен, сондай-ақ Кипр мен Ирландия құрамаларымен кездеседі.