auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Құрамада ел намысын қорғауға құлышынатындар ойнау керек". ҚФФ Жуковты Қазақстан туралы айтқаны үшін жазалауы мүмкін

Федерация басшысы футболшының сөзіне қатысты пікір білдірді.

"Құрамада ел намысын қорғауға құлышынатындар ойнау керек". ҚФФ Жуковты Қазақстан туралы айтқаны үшін жазалауы мүмкін
© ҚФФ
Жартылай қорғаушы Георгий Жуков Қазақстан құрамасы сапынан шығарылуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұған себеп футболшының әлеуметтік желіде жазған сөздері. 

"Қазақстанда болғанымда маған шетел адамына сияқты қарайтын. Жергілікті футболшыларға деген қолдау мен құрмет маған көрсетілген жоқ. Қазір Еуропаға қайттым, енді мен париот бола қалып, елді жарнамалау керекпін бе? "Қайратқа" алғыс айтамын. Маған қолдау білдірген адамдарға рахмет айтамын. Бірақ мені Қазақстанда шетелдік деп санайтын. Мұндай жағдайда өмір сүру қиын, бапкерлер саған (Шпилевский емес) қазақ деп, ал қазақтар саған легионер деп қарағанда. Бұл өте қиын жағдай. Сондықтан маған оңай болған жоқ. Қазақстанда қоғам тарапынан, журналистер, мамандар, комментаторлар тарапынан ешқандай мойындау жоқ, мен Қазақстанда болмағандай". 

Интернетте тарап кеткен Жуковтың бұл сөзіне Қазақстан футбол федерациясының президенті Азамат Айтқожин жауап берді. 

"Баспасөз беттері мен әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың айтқаны тарап кетті. 

Міндетті түрде Георгиймен кездесіп, сөйлесеміз. Жуков сөзін растаса, сәйкес шешім қабылдаймыз. Ұлттық құрамада еліміздің намысын қорғауға құлышынып тұрған және патриот футболшылар қорғау керек деген ойдамын", - деп келтіреді Айтқожиннің сөзін ҚФФ сайты. 

Еске салайық, 25 жастағы Жуков маусым аралығында "Қайрат" сапынан кетіп, краковтық "Вислаға" қосылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар