Құрама қақпашысының ҚПЛ матчі кезінде миы шайқалған

©kff.kz

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкийді "Шахтердің" ҚПЛ-дегі матчінен кейін жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Голкипер "Ақсу" қорғаушысы Али Гаджибековпен соғылғаннан кейін жарақат алған екен. 

"Медициналық тексерістен кейін ғана нақты бірдеңе айтуға болады. Қазір ойын көп, Игорь сияқты ойыншы болмайтыны өкінішті. Тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деп береді Вахид Масудовтың сөзін команданың баспасөз қызметі. 

Instagram желісіндегі skazk1.dugali4a аккаунтының мәліметінше, дәрігерлер футболшының миы шайқалған деген диагноз қойыпты.

Еске салайық, "Шахтер" өз алаңында "Ақсу" командасын 4:2 есебімен ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport