Финляндиялық КуПС командасы Чемпиондар лигасы іріктеу аясындағы "Қайратпен" матч өткізу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Финляндиялық команданың баспасөз қызметі Instagram парақшасында пост жариялап, Алматының көрнекті жерлері аясында клуб жейдесін көрсеткен.
Осылайша, КуПС командасы жейдесі "Орталық" стадион кіреберісінің алдында суретке түсірген.
"Нағыз "сары-қаралар" Алматыға келді", – делінген жарияланған жазбада. Алматылық "Қайрат" та дәл осы түстегі жейделерде өнер көрсетеді.
Матч Алматыда өтеді, басталуы 20:00. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді, трансляция 19:50-де басталады.
Айта кетейік, алматылықтарға келесі кезеңге өту үшін екі апта бұрын Финляндияда өткен матчта соғылған екі голдың есесін қайтару керек.
Егер "Қайрат" үшінші іріктеу кезеңіне өтсе, "Слован" (Словакия) мен "Зриньски" (Босния және Герцеговина) арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі. Алматылық команда әлі бұл кезеңге дейін жетіп көрмегенінн атап өтейік.
Жарнама