"Барселона" мен Испания құрамасының көшбасшысы Ламин Ямаль қосымша демалыстан кейін каталондық клубтың жаттығуларына қайта қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ямальмен бірге тағы үш әлем чемпионы оралды
"Ламин Ямаль оралды. Әлем чемпионы, қош келдің үйге!" – деп жазылған "Барселонаның" жарияланымында.
Жаттығу процесіне жартылай қорғаушылар Дани Ольмо мен Педри Гонсалес, сондай-ақ қорғаушы Пау Кубарси да қосылды. Олардың барлығы Испания құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Осыған байланысты футболшыларға қосымша демалыс беріліп, олар командаластарының басым бөлігінен кешірек дайындыққа кірісті.
Ямаль әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингін бастады
Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Ямаль Норвегия құрамасы мен "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холандпен бірге Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінің көшін бастады.
Екі футболшының да нарықтық құны 20 миллион еуроға өсіп, қазіргі бағасы 220 миллион еуроға жетті.
Бұл – Transfermarkt тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін бірде-бір футболшының нарықтық құны 200 миллион еуродан асқан емес.
Lamine Yamal is back. ?
— FC Barcelona (@FCBarcelona) August 12, 2026
Welcome home, World Champion! pic.twitter.com/aT1TW3iXcO
"Барселона" жаңа маусымға дайындалып жатыр
Енді Ямаль және әлем чемпионатында жеңіске жеткен басқа футболшылар жаңа маусымның басталуына біртіндеп бабын қалыпқа келтіреді.
Ла Лиганың 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы матчын Испанияның 29 дүркін чемпионы "Барселона" 24 тамызда өткізеді. Ханс-Дитер Флик шәкірттері сырт алаңда "Эльчеге" қарсы ойнайды.
Жарнама