Құны артты немесе "қазақ Мессиі" екі жылда қанша қымбаттады

13 қыркүйек 2019 12:31
© "Қайрат" ФК
Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахметтің трансферлік құны өсті, - деп хабарлады Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, оның қазіргі құны 400 мың еуроға бағаланып отыр, былтырдан бері ол 300 мың болатын.

Футбол өлшемі бойынша 19 жастағы ойыншының құны ұзақ уақыт өзгермеуіне өзіндік себеп бар. Сейдахмет көп уақыт жарақтын емдеді, осының салдарынан ресейлік "Уафада" да, болгариялық "Левскийде" де қажеті ойын тәжірибесін жимады. "Қайратқа" өткеннен кейін ғана алаңда қажетті уақыт өткізе бастады. Ұлттық чемпионаттың өткен маусымында ол сегіз ойын өткізіп, бір гол салды және екі ассист жасады. 

Айта кетейік, "Қайрат" 25 тур қорытындысы бойынша "Тобылдан" екі ұпай кемшілікпен екінші орында келеді.

26-шы тур матчтері 15 қыркүйекте (жексенбіде) өтеді. Бұл күні "Астана" - "Шахтер", "Ақтөбе" - "Атырау", "Ертіс" - "Тараз", "Тобыл" - "Оқжетпес", "Қайрат" - "Жетісу", "Ордабасы" - "Кайсар" ойнайды.
Жаңалықтар