Футбол
30 қараша 2021 18:37
 

Күніне 100 дана темекі шегетін бапкер "Лациомен" келісім-шартын ұзартпақ

  Пікірлер

blog.share

Күніне 100 дана темекі шегетін бапкер "Лациомен" келісім-шартын ұзартпақ ©Eurosport

"Лацио" бас бапкері Маурицио Сарри клубпен келісім шартын ұзартады, деп жазады Vesti.kz тілшісі инсайдер Николо Скираның сөзіне сілтеме жасап.

blog.share

"Лацио" бас бапкері Маурицио Сарри клубпен келісім шартын ұзартады, деп жазады Vesti.kz тілшісі инсайдер Николо Скираның сөзіне сілтеме жасап.

62 жастағы маманмен жаңа келісім-шарт 2025 жылға дейін жасалмақ. Сарри "Лационы" биылғы жылдың жазынан жаттықтыра бастады. Әзірге оның командасы Италияның А Сериясында 14 тур қорытындысы бойынша 21 ұпаймен 8-орында келеді.

Бапкердің клубпен осыған дейінгі келісімі 2023 жылға дейін еді.

Сарри осыған дейін "Челсиді" жаттықтырып 2018/19 жылы Еуропа Лигасын жеңіп алды. Сонымен қатар, 2018/19 жылы "Ювентуспен" ішкі чемпионатта топ жарды.

Еске салайық, жастайынан темекіге әуес италиялық маман күніне 100 данасын шегеді екен. Италия стадиондарында темекі шегуге рұқсат етілсе, Англияда жұмыс істеп жүргенін кезінде Сарри біраз қиналғанын айтқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!