"Күн сайын жақсарып келеді". "Милан" бапкері ЧЛ мен Ибрагимович жайлы пікір білдірді

©ityreporter

"Милан" бас бапкері Стефано Пиоли Чемпиондар Лигасының үшінші турында "Портумен" өтетін ойын алдында сұхбат берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Маманның айтуынша аты аңызға айналған Златан Ибрагимович жарақатынан толық айықпаған. Сондықтан швециялық шабуылшы алдағы уақытта матчты тек трибунадан тамашалауға мәжбүр.

"Порту" сапында шабуыл шебінде ойнайтын жылдам футболшылар бар. Бапкері де білікті жаттықтырушы. Негізі топтық кезеңде португалиялықтармен өтетін екі кездесу де біз үшін өте маңызды болмақ. Сол үшін әр матчта ұпай алуға тырысамыз. Өкінішке қарай алдағы күндері Златан Ибрагимович алаңға шыға алмайды. Жарақатынан толық айыққан жоқ. Бірақ оның жағдайы күн сайын жақсарып келеді", - дейді Пиоли.

Еске салайық, Чемпиондар Лигасының В тобында "Ливерпуль" (6), "Атлетико"  (4), "Порту" (1) және "Милан" (0) клубтары жайғасқан. "Порту" мен "Милан" арасындағы ойын 19 қазанда Пиреней түбегінде болады.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: