Күн райының күрт нашарлауына байланысты ҚПЛ-2022 екінші турындағы "Ақжайық" пен "Тұран" арасындағы матчтін кейінге шегеру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚКФЛ сайты.
Төрешілер бригадасы "Ақжайық" стадионын тексерді. Тексеріс кезінде газон бетіне мұз қатқаны анықталды, ал тоқтамай тұрған қар алаңды тазалауға мүмкіндік бермей тұр.