Куманның орнына "Барселонаны" бұрынғы ойыншысы жаттықтыруы ықтимал

©Instagram

Катарлық "Аль-Садд" клубын жаттықтырып жүрген "Барселонаның" 41 жастағы бұрынғы капитаны Хави, каталондық клубқа жетекшілік етуі ықтимал, деп хабарлайды "Чемпионат".

Испаниялық команда басшылығы онымен байланысқа шығыпты. Қазір тараптар келіссөз жүргізуде. Ал Хавимен келісе алмаған жағдайға, Бельгия құрамасының 48 жастағы бапкері Роберто Мартинес қарастырылып отыр. 

Еске салайық, "Барселона" команданы 2020 жылдың тамызынан жаттықтырып келе жатқан Рональд Куманды орнынан босатты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport