Куман "Барселонадан" кеткен жағдайда қанша өтемақы алатыны белгілі болды

©eurosport

Каталондық "Барселона" футбол клубының бас бапкері Рональд Куманның келісімшарт мерзімінен бұрын жұмыстан шыққан жағдайда алатын өтемақысының мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Исаак Фуото өзінің Твиттердегі парақшасында егер Куман келісімшарт аяқталғанға дейін командадан кететін болса, клуб оған 5,8 миллион еуро төлеуі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, жаттықтырушының жылдық жалақысы - 7,2 миллион еуро екен. Ол жалпы 13 миллион еуро көлеміндегі өтемақы ала алады.

Куман "Барселонаның" жаттықтырушысы қызметін өткен жылдың тамызында бастады. Каталондық команда маусым соңында Испания чемпионатында үшінші орыннан жоғары көтерілмеді. Чемпиондар лигасында "көк гранат" 1/8 финалда франциялық "Пари Сен-Жерменге" есе жіберді.

Еске салайық, "Барселона" бас бапкерінің жұмыстан кетуі туралы хабарламалар мамырдың соңында шыққан. Содан кейін голландиялық маманның келісім-шарты 2022 жылға дейін жасалғанына қарамастан, 99 пайыз ықтималдықпен жаңа маусымда команданы басқармайтыны туралы хабарланды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport