Футбол
24 маусым 2020 16:13

Құдайды балағаттағаны үшін футболшымен бірге бапкер де жазаланды

Сурет: Soccer.Ru
Тәртіп комитеті "Фиорентина" қорғаушысы Мартин Касерес пен клубтың бас бапкері Джузеппе Якиниді құдайға тіл тигізгені үшін ойыннан шеттеді, - деп хабарлайды Football Italia.

Оқиға Италия чемпионатының 27-ші туры аясындағы "Брешиямен" матчте болды. 1:1 есебімен аяқталған матч соңында маман мен футболшы төрешіге наразылығын білдірген, оның ішінде құдайға қарсы сөздер де айтыллған екен. Ал Италияда дінге тіл тигізуге қатаң қарайды. Осы себепті бапкер мен ойыншы алдағы бір матчтен шеттелді. 

А сериясының 27-ші турының қорытындысы бойынша 31 ұпаймен "Фиорентина" турнир кестесінде 13-ші. "Брешия" соңғы (17).