Қуат Хамитов ащы шындықты айтып Қазақстан жеңісін "күл қылды"

©

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Қазақстанның Данияны ұтқанына (3:2) қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға кіріп жүр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетеді!? Футболға ма!? Мұндай жеңістер кімге керек, пайдасынан зияны көп болса!

Халықтың ақшасын құртпай өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын! Солай істей алатындарыңды дәлелдеңдер, ер екендеріңді. Ал былай... Айтпақшы, осы уақытқа дейін далаға кеткен қанша ақшаны да қайтару керек!" - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport