Кішкентай жанкүйер Криштиануды құшақтау үшін ойын алаңына жүгіріп шыққан

©Sportsfile

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға жүгіріп шыққан кішкентай жанкүйеріне футболкасын сыйға тартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Дублинде болды, әлем чемпионатына іріктеу аясында Ирландия өз алаңында Португалия құрамасымен ойнаған болатын. 

Кездесуде гол соғылған жоқ. Ал ойын аяқталысымен алаңға кішкентай қыз жүгіріп шығып, Криштиануды құшақтап алды.

Роналду жанкүйерінің бетін қайтармады, тіпті оған футболкасын да шешіп берді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар