"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлы қызыл сойқандардың жасөспірімдер командасында гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Кіші Роналду (U-12) әлемнің ең үздік академиялары арасындағы халықаралық турнирге қатысты. Топтық кезеңдегі ойындардың бірінде оның командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Роналдудың ұлы болса стандарттан гол соқты. Артынша ол әкесінің стилінде қуанды.