"Крузейро" клубы 11 метрлік айып добын соғудан "Фламенго" командасынан жеңіп, бесінші рет Бразилия Кубогын жеңіп алды.
"Крузейро" мен "Фламенго" арасындағы қарымта кездесу сәрсенбі күні Белу-Оризонтиде өтіп, есеп ашлымаған еді. 7 қыркүйекте өткен бірінші ойында Рио-де-Жанейро қаласында есеп 1:1 болған еді.
Турнир регламентіне сәйкес жеңімпаз пенальти орындау арқылы анықталады,оның қорытындысы бойынша "Крузейро" ойыншылары - 5:3 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді.
Осылайша "Крузейро" бесінші рет Бразилия Кубогын жеңіп алды. Бұрындары Белу-Оризонти қаласынан шыққан команда 1993, 1996, 2000 және 2003 жылдары жеңімпаз атанған еді.
Жарнама