Кристиан Эриксен есінен танып қалды
Еуро-2020 турнирінде оқыс оқиға орын алды. Копенгагеннің "Паркен" стадионында Дания мен Финляндия кездесуінде алаң иелерінің көшбасшысы Кристиан Эриксен есінен танып қалды деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуро-2020 турнирінде оқыс оқиға орын алды. Копенгагеннің "Паркен" стадионында Дания мен Финляндия кездесуінде алаң иелерінің көшбасшысы Кристиан Эриксен есінен танып қалды деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчтың 42-ші минутында болған жағдайдан соң англиялық төреші Энтони Тейлор ойынды уақытша тоқтатуына тура келді. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Рейтерс фото-тілшісінің хабарлауынша футболшы есін жиған. Медицина қызметкерлері ойыншыны жасыл алаңнан шығарған соң бірден жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткен.
Еске салсақ, В тобында Бельгия, Дания, Финляндия және Ресей құрамалары өнер көрсетеді.
Жарнама