2025/2026 жылғы Конференциялар лигасының финалдық матчы аяқталды. Шешуші кездесуде Англияның "Кристал Пэлас" клубы мен Испанияның "Райо Вальекано" командасы кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын Лейпциг қаласындағы "Лейпциг" стадионында өтіп, лондондық клубтың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Матчтағы жалғыз голды 51-минутта франциялық шабуылшы Жан-Филипп Матета соқты.
Осылайша, "Кристал Пэлас" тарихында алғаш рет еурокубок турнирінің финалында ойнап, алғашқы халықаралық трофейін жеңіп алды.
Бұл жүлде клуб тарихындағы үшінші трофей болды. Оның үшеуін де маусым соңында командадан кететін бас бапкер Оливер Гласнермен бірге жеңіп отыр.
2025 жылы "қырандар" Англия Кубогы мен Англия Суперкубогын да иеленген еді. Сонымен қатар, "Кристал Пэлас" Конференциялар лигасын жеңген үшінші ағылшын клубы атанды. Бұған дейін бұл жетістікке "Вест Хэм" (2023) мен "Челси" (2025) қол жеткізген болатын.
Ал турнирдің өзге маусымдарында Италияның "Рома" клубы (2022) және Грекияның "Олимпиакос" командасы (2024) жеңімпаз атанған еді.