"Кристал Пэлас" Англия Кубогінің жартылай финалына шықты

©cpfc

Футболдан Англия Кубогінің 1/4 финалында "Кристал Пэлас" өз алаңында "Эвертонды" қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Селхерст" Парк аренасындағы матчта Патрик Виейра ойыншылары жауапсыз төрт гол соқты. Алаң иелері сапында капитан Марк Гехи (25-минут), Жан-Филип Матета (41-минут), Вилфрид Заа (79-минут) және Уильям Хьюз (87-минут) ерекшеленді.

Осылайша, "Кристал Пэлас" турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Англия чемпионатында 29 матч өткізген "бүркіттер" 34 ұпаймен 12-орынға жайғасса, Фрэнк Лэмпард баптайтын "Эвертон" 25 ұпаймен 17-орында келеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport