Криштитану Роналду Суперкубогтан құр қалды

23 желтоқсан 2019 10:12
© Sportbox
Туриндік "Ювентус" Италия суперкубогы үшін ойында римдік "Лацио" командасынан ұтылды.

Қосымша уақытта туриндіктер сапындағы Родриго Бентанкур алаңнан қуылды. Ал Криштиану Роналду 90 минут толық ойнады. 

"Лацио" Италия Суперкубогын бесінше рет ұтты (1998, 2000, 2009, 2017, 2019). Бұл көрсеткіш бойынша римдік клуб үшінші орынға шығып, миландық "Интерге" теңесті. Суперкубокты өзгелерден жиі "Ювентус" ұтқан еді (8), одан кейін "Милан" (7).

"Ювентус" осы маусымдағы ресми матчтерде екінші рет ұтылып отыр, екі ретте де "Лациодан".