Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия командасынан басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Арлингтон қаласында өткен кездесуде Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Тартысты матчтың тағдырын қосымша уақыттағы жалғыз гол шешті. 91-минутта Ферран Торрестің нәтижелі пасын Микель Мерино дәл соққымен аяқтап, Испанияға жеңіс сыйлады. Айта кетерлігі, екі футболшы да екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шыққан болатын.
Португалия сапында матчты толық өткізген жұлдызды капитан Криштиану Роналду нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. 41 жастағы шабуылшы қарсылас қақпасына гол соға алған жоқ.
Осылайша, Испания құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Келесі кезеңде испаниялықтар АҚШ пен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Жарнама