"Криштианудың ертерек кеткені дұрыс еді". "Ювентус" капитаны Роналдуды сынға алды
"Ювентус" капитаны Джорджо Кьеллини Криштиану Роналдудың командадан ертерек кеткені дұрыс еді деген пікір білдірді. Капитанның ойынша, португалиялықтың командадан кеш кетуінің себебінен туриндіктердің А сериясындағы жағдайы мәз емес.

"Роналду біздің клубтан 28 тамызда кетті. Әрине ол бар кезде біздің ұжым мықты еді. Ол қай командаға барса да мықты ойынымен көзге түседі. Оған күмән жоқ. Кезінде Туринге алғаш келгенінде солай болды. Бірақ Криштиану "Ювентустан" ертерек кеткені дұрыс еді. Соның салдарынан маусымның алғашқы матчтарында бірнеше ұпайдан қағылдық. Ол ертерек кеткенде жақсы дайындық өткізуге болар еді", - дейді Кьеллини.
Еске салайық, Криштиану Роналду 2018-2021 жылдары "Ювентус" сапында 98 матчта 81 гол соқты. Жазғы трансферлік ауысым кезінде португалиялық шабуылшы "Манчестер Юнайтед" жейдесін киді. Нәтижесінде шабуыл шебінде Роналдуға тәуелді болып қалған "Ювентус" Италияның А сериясында бірнеше ұпайдан қағылды. Қазіргі таңда туриндіктер ішкі біріншілікте 8 матчта 4 рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде 7 орында тұр.
Жарнама