Криштиану Роналдуға ұшақтың құнындай сағатты сыйға тартты

©instagram.com/cristiano/

Jacob компаниясының иесі Джейкоб Арабо Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға құны 1,3 миллион доллар тұратын қолсағатты сыйға тартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Twin Turbo Furious атты сағат моделін тек арнайы тапсырыспен алуға болады екен. Әлемде мұндай сағаттың 18 данасы ғана бар.

"Жақын маңда болғандықтан құны 1,3 миллион доллар тұратын сағатты әлемдегі жалғыз әрі қайталанбас Криштиануға жеке өзім жеткізіп беруді ұйғардым", - дейді Арабо.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport