Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуіне қатысады, ал weglobalfootball.com порталы ұлттық командамызға әлеуетті қарсыластар таңдап қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Қазақстан командасы Ұлттар лигасы тобында жеңіске жетіп, шешуші ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Ал басылым Қазақстанға қарсылас бола алатын бірнеше команданы таңдады.
6 топтан өзге кездесуі мүмкін бірнеше жұп:
Босния және Қазақстан - 15,8 пайыз;
Франция және Косово - 14,5 пайыз;
Финляндия және Гибралтар - 13,9 пайыз;
Украина және Латвия - 13,9 пайыз;
Сербия және Қазақстан - 13,7 пайыз.
Ал әлеуетті қарсылас ретінде қазақстандық ойыншыларға бірнеше мықты құрама көрсетілді - Бельгия, Португалия және Испания. Осылайша, Магомед Адиев жетекшілігіндегі футболшылар әлемдегі ең мықты команың бірімен, оның ішінде Криштиану Роналду ойнайтын құрамамен жолығуы мүмкін.