Криштиану Роналдуға Анадолыдан ұсыныс келді

© Twitter.com/manutd

Португалия құрамасының капитаны криштиану Роналду "Галатасарай" сапында ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Fotomac.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай стамбулдық клуб Роналдудың трансферіне қатысты қызығушылық танытқан.

Алайда Роналду тек Чемпиондар лигасында ойнайтын клубқа ауысқысы келетіндігін айтқан еді. Осы орайда "Галатасарай" футболшыны келесі жылы қысқы немесе жазғы трансферлік маусымда қатарға қосуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Криштиану Роналду биыл "Манчестер Юнайтед" сапында алаңға 10 рет шығып, 2 гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport