Криштиану Роналду Еурода антирекорд жасады

©instagram.com/cristiano/

Португалдық футболшы Криштиану Роналду антирекорд жасады. Ол ұлттық құрама сапында ХХІ ғасырдағы 3 ірі жарыста пенальти соға алмаған алғашқы футболшы.

Роналду алғаш рет 2016 жылы Австрияға қақпасына пенальти тепкенде мүлт кеткен. 2018 жылы Иран қақпасына пенальтиден гол соға алмады. Ал кеше (бәріңіз көргендей) ойын кезінде Ян Облактан айласын асыра алмады.

Футболшы ойын кезінде соға алмаған пеналтиі үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады. Сондай-ақ ойын соңындағы пенальти сериясын өзі бірінші болып бастап, командасын алға шығарды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport