Футбол
Бүгін 09:16

Криштиану Роналдудың ұлын алғаш рет Португалия құрамасына шақырды

©"Әл-Наср" ФК

"Алтын допты" бес рет иеленген Криштиану Роналдудың ұлы Криштиану душ Сантуш алғаш рет Португалияның U17 жасөспірімдер құрамасына шақырту алды. Ол 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға қатысатын ойыншылар тізіміне енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роналдудың ұлы алғаш рет U17 құрамасында ойнайды

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жасөспірімдер командасында өнер көрсететін 17 жастағы шабуылшы бас бапкер Филипе Рамуш іріктеу кезеңіне шақырған 23 футболшының қатарына қосылды.

Бұған дейін душ Сантуш Португалияның U15 және U16 құрамаларында ойнаған. U16 командасы сапында тоғыз матч өткізіп, үш гол соқса, U15 құрамасында төрт кездесуге қатысып, екі рет мергендік танытқан.

Еуро-2027 іріктеу кезеңінде португалиялықтар Андоррамен (11 қараша), Болгариямен (14 қараша) және Сербиямен (17 қараша) кездеседі.

Роналдудың өзіне қатысты ұлттық құрамада даудың туды

Ал жас футболшының әкесі жақында ұлттық құрамаға қатысты үлкен даудың ортасында қалды. Қыркүйек айының соңында Криштиану Роналду бас бапкер Жорже Жезушпен болған жанжалдан кейін Португалия құрамасының орналасқан жерінен өз бетінше кетіп қалған.

Роналдуға бапкердің Ұлттар лигасындағы матчтарда оның ойын уақытын шектеу туралы шешімі ұнамады. Болжам бойынша, ол қарашадағы оқу-жаттығу жиынына да қатыспайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport