Саудиялық "Әл-Наср" өзінің шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Ar-Riyadiyah басылымына сілтеме жасап.
13 жастағы кіші Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" жастар командасында - 13 пен 15 жастағы футболшылармен ойнайтын болады және оған әкесіне сияқты 7-нөмір беріледі.
Кіші Криштиану Роналду "Әл-Наср" үшін алғашқы матчін 20 қазанда өткізетіні хабарланып отыр.
Мұның алдында кіші Роналду футбол карьерасын испаниялық "Посуэло" клубында бастап, екі жылда 55 гол салған еді. Кейін әкесімен бірге туриндік "Ювентуске" ауысты, онда ол 28 матчке қатысып, 58 гол соқты және 18 ассист жасаған. 13 жастағы футболшы ойнаған кейінгі команда "Манчестер Юнайтед".