Криштиану Роналдудың "Реалға" оралатыны хабарланды

30 желтоқсан 2019 08:43
© Livesport
"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік "Реалға" оралады, - деп хабарлайды eurosport.ru испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, клуб президенті Флорентино Перес футболшыны "Сантьяго Бернабеуге" осы қыста оралуға көндірген.

Еске салайық, Роналду "Реалдан" туриндік "Ювентуске" 2018 жылы жазда өткен, ол кезде мадридтік клуб Чемпиондар лигасын бес жылда төрт рет ұтқан еді.

Италия чемпионатының биылғы маусымында португалиялық футболшы 14 матчте ойнап, он гол салды және бір нәтижелі пас берді.