"Манчестер Юнайтед" 2022 жылдың алғашқы ойынын сәтсіз бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Англия чемпионатының 21-турында әйгілі "Олд Траффордта" "Вулверхэмптонды" қабылдаған қызыл сойқандар 1:0 есебімен ұтылып қалды.
Матчтағы жалғыз голды 82 минутта Жоау Моутиньо салды.
Енді "Манчестер Юнайтед" келесі кездесуін 15-қаңтарда қонақта "Астон Виллаға" қарсы өткізеді. Ал "Вулверхэмптон" өз алаңында "Саутгемптонмен" жолығады.
21 турдан кейін Криштиану Роналдудың командасы 31 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.