Криштиану Роналдудың жасырын үйленгені белгілі болды

© footballua.tv
Туриндік "Ювентус" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің сүйіктісі Джорджина Родригеске жасырын үйленді. Бұл туралы Tuttosport порталы Novella 2000 журналына сілтеме жасап хабарлады.

Неке қию рәсімі Мароккода өткен. Родригес футболшының анасымен тіл табыса алмайтындықтан олар жасырын үйленуге бел шешкен. Осы үшін тойға фотографтар шақырылмаған. 

Айта кетейік, Родригес екі жыл бұрын футболшыдан қыз босанып, есімін Алана Мартино қойған еді. 34 жастағы футболшыда екі суррогат анадан тағы үш бала бар. 
Жаңалықтар