Криштиану Роналдуды ПСЖ сатып алуы ықтимал

Сурет: : sandiegouniontribune.com©

Франциялық "Пари Сен-Жермен" португалиялық форвард Криштиану Роналдуды сатып алуы мүмкін. Клубтың спорт директоры Леонардо осындай ықтималдылық барын айтты,- деп хабарлайды "Чемпионат".

"Қазіргі таңда футболда бәрі болуы мүмкін, кез келген нәрсе. Мүмкін ертең Криштиану Роналду төсегінен басқа жерде ойнағым келеді деген оймен тұруы мүмкін. Оны кім сатып ала алады? Үміткерлер көп емес, ал ПСЖ ол қатарда бар. Бәрі мүмкіндік пен нақты жағдайға байланысты", - дейді Леонардо.

Мұның алдында "Ювентус" 35 жастағы португалиялықты сатуға ниетті екені хабарланған. Өйткені шабуылшының жоғары айлығы пандемия кезінде клуб үшін өте ауыр болып отыр. Футболшы мен команда арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелген. Ал Transfermarkt  порталы португалиялық ойыншыны 60 миллион еуроға бағалап отыр. 

Жаңалықтар