Криштиану Роналдуды әлемдегі ең мықты футболшы деп атады

©instagram.com/alnassr/

Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш шабуылшы Криштиану Роналду туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен үшін әлемде ең мықты Роналду. 19 жасында ол "Спортингте" менің ойыншым болды. Ал енді Еуропа кубогімен Португалия құрамасында жүр. 

Ол тарихтағы ең мықты ойыншы. Менімен келіспейтіндер болса да, мен үнемі осылай айтатынмын. Оның стилі ұнауы, не ұнамауы мүмкін. Бірақ дара тұлғаларды салыстыруға болмайды. 

Жекелей және командалық жетістіктері де ол үшін сөйлеп тұр. Ол Испания, Италия, Англияда, құрама сапында да жеңіске жетіп жүрді. 

Ол бәрін ұтты, тіпті ол деңгейден асып түсті. Сондықтан мұнда айтар ештеңе жоқ. Ол әлемдегі ең үздік ойыншы. Мен Эйсебионы сүйемін, Пеле ұнайды, бірақ Криштиану ең мықты екеніне күмәнім жоқ", - деп береді Сантуштың сөзін A Bola.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport