Криштиану Роналдудан жылдам әрі күшті футболшы аталды

© championat.com
"Ньюкасл Юнайтед" клубының голландиялық қорғаушысы Йетро Виллемс Англия премьер-лигасы 22-ші турындағы "Вулверхэмптон" форварды Адам Траореге қарсы ойыннан (1:1) қалған әсерін айтты.

Виллемстің сөзінше, Траореден қорғану Криштиану Роналдудан қорғанудан қиын екен.

"Өте жылдам футболшыларға қарсы ойнадым, бірақ, олардың ешбірі Траоре сияты болмады. Сұмдық, нағыз айуан. Жылдамдығы ғана сұмдық емес, өте, өте күшті. Ол футболдағы ең жылдам адам саналады. Енді оның рас екенін білемін. Онымен ойнағанға дейін мен өзімді де жылдаммын деп есептегенмін. 

Роналдуға қарсы да ойнағанмын, ол ондай жылдам емес. Әрине техникасы керемет. Одан Еуро-2012, Нидерланды мен Португалия ойнында қорғанған едім. Бұл қйын болды, дегенмен, Траореге қарсы матч карьерамдағы ең ауыры, жақсы ойнадым десемде", - деп келтіреді футболшының сөзін Daily Mail.
Жаңалықтар