Криштиану Роналду зәулім сарай салдырып жатыр

©Джорджина Родригестің әлеуметтік желісінен

Футболдың португалиялық жұлдызы Криштиану Роналду суши жасайтын аспаз іздеп жатыр, деп хабарлайды The Sun.

Мұндай азпаз футолшының Португалиядағы зәулім үйіне қажет екен. Бір қызығы Роналду өзі қазір Сауд Арабиясында жүр, ол "Әл-Наср" комнадасында өнер көрсетуде. 

Футболшы отанындағы 21 миллион доллар тұратын жаңа үйін жайғастырып жатқан көрінеді. 

"Зәулім сарай маусым айында дайын болады, алайда онда керекті қызметшінің барлығы түгел емес. Криштиану Роналду мен Джорджина португалиялық тағамдарды ғана емес, суши де жасай алатын аспаз іздеп жүр екен", - деп жазады басылым. 

Аспаздың еңбекақысы айына 4500 фунт стерлинг - теңгеге шаққанда 2,6 миллион екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport