Криштиану Роналду "Ювентустен" кететіні айтылды

Сурет: Sport.ua
Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду осы жазда туриндік клубтан кетуі мүмкін.

Бұл туралы бірінші ақпарат жариялаған журналист Пьетро Бальцано болды. Бүгін, 10 маусымда Бальцано маусым аяқталғанда Роналду "Ювентустен" кетуі ықтимал екенін растады.

"Айтқанымды растаймын. Маусым аяғында "Ювентус" пен Роналду жолы екі айырылады. Айтарым, бұл әлі қауесет, нақты жаңалық емес, бірақ, мұны анықтаймын", - деп жазыпты Бальцано твиттер желісінде.