Криштиану Роналду "Ювентуспен" кезекті трофейін жеңіп алды

Сурет: twitter.com/Cristiano

Туриндік "Ювентус" клубы "Аталантаны" ұтып, футболдан Италия кубогын 14-ші рет жеңіп алды.

Шешуші ойын Реджо-Эмилия қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Деян Кулусевски (31-ші минут) және Федерико Кьеза (73) гол салды. Ал ұтылған командадан Руслан Малиновский 41-ші минутта көзге түсті.

Криштиану Роналду үшін бұл трофей туриндік клуб сапында бесіншісі. Шабуылшы бұл командада 2018 жылдан бері ойнап келеді. Мұның алдында португалиялық ойыншы "Ювентуспен" А Сериясы мен Италия суперкубогын екі реттен ұтқан.