Криштиану Роналду "Ювентуске" қайта оралуы мүмкін

©Reuters

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду "Ювенуске" қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Calciomercato.it порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 37 жастағы футболшының агенті Жорже Мендеш жуырда "Ювентус" командасының басшыларымен кездесіп, трансфер туралы сөйлеседі. Шабуылшы туриндік командаға ауысуы үшін жалақысының біршама бөлігінен де бас тартуға дайын екен. 

Еске салайық, Криштиану Роналду "Ювентус" командасы сапында 2018 және 2021 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ол туриндік клубпен бірге екі рет Италия чемпионы, Италия кубогінің жеңімпазы және Италия Суперкубогінің жеңімпазы атанды. Ал 2021 жылы Роналду "Манчестер Юнайтедке" ауысты. Биыл ол ағылшындық командамен Чемпиондар лигасына шыға алмай қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар