Мұның алдында "Ювентуске" Сарридің келісімшартын мерзімінен бұрын бұзу үшін "Челсиге" бес миллион фунт өтемақы төлеу керегі хабарланған.
"Ювентустегі" бас бапкердің орны команданы бес жыл жаттықтырған Массимилиано Аллегридің кетісімен бос тұр.
Сарри "Челсиді" бір жылдан аз уақыт жаттықтырды, оның келісімшарты тағы бір маусымға созу мүмкіндігімен екі жылға есептелген. Лондондық клубтағы алғашқы маусымында ол команданы Англия премьер-лигасындағы үшінші орын мен Еуропа лигасыныда жеңіске жеткізді.