Криштиану Роналду тарихтағы ең мықты футболшы екені ғылыми дәлелденді

©eurosport

Оксфорд университетіндегі математика ғылымының докторы Том Кроуфорд тарихтағы мінсіз футболшыны анықтайтын формула шығарды. Бұл туралы Daily Mail хабарлап отыр.

Ғалым "Алтын допты" кемі екі рет ұтқан футболшыларды бірнеше белгі бойынша қарастырған: ұлттық және халықаралық, клуб пен құрама үшін салған голдар, "Алтын доп" номинациясында жинаған дауыс саны мен жеке рекордтар.

Оның математикалық дәлелі бойынша, ең жоғары ұпай - 537 - "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду жинап, тарихтағы ең мықты ойыншы атанды.

Тізімде келесі ПСЖ форварды Лионель Месси - 503 ұпай. Ал үшінші 459 баллмен бразилиялық аңыз Пеле.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар