Криштиану Роналду шеттеуден кейін мәлімдеме жасады

©"Әл-Наср" ФК

Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду шеттеуден кейін алаңға оралар алдында әлеуметтік желіде пост жариялады, деп жазады Vesti.kz.

Сауда Арабиясы чемпионатының этика жөніндегі комитеті Роналдуды "Әл-Шабаб" жанкүйерлеріне көрсеткен ерсі қылығы үшін бір матчке шеттеген болатын. Осыған байланысты португалиялық форвард 22-турдағы "Әл-Хазмбен" матчке (4:4) қатыса алмады. 

"Ертеңгі күнге дайынмын", - деп жазыпты Криштиану әлеуметтік желіде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport