Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қанша табыс тапқаны айтылды

©twitter.com/AlNassrFC

Криштиану Роналду саудиялық "Әл-Наср" сапына өтісімен үлкен табысқа кенелді. Шетелдік БАҚ португалиялық шабуылшы Сауд Арбиясында қанша пайда көргенін есептеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

38 жастағы форвардтың трансфері туралы ресми түрде былтыр желтоқсанда хабарланды. Роналду бұл елде жылына 200 миллион еуро алатыны айтылған еді. Яғни бұл сомманы апталық табысқа шақсақ - оның есебіне жеті күнде төрт миллион түседі екен. Осылайша, Криштиану табысы әлемдегі ең жоғары футболшы атанды. 

Daily Mail мәліметінше, "Әл-Насрға" өткелі бері Роналду 175 миллион еуро табыс көріпті. Бұл бонустар және брендтермен келісімшарттарды есептемегенде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport