Криштиану Роналду "ПСЖ" клубына ауысуға жақын

Сурет: Football.ua

"Ювентус" клубының шабуылшысы жазғы трансферлік маусымда жаңа клубқа ауысуы мүмкін. AS басылымының мәліметінше португалиялық футболшыға Париждің басты командасы қызығушылық танытуда.

Қазіргі таңда франциялық клубтың басшылығы Роналдудың өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. Ал туриндіктер болса Криштианудың трансферлік құнын 25-30 млн еуроға бағалап отыр.

Жуырда "Ювентустың" бас бапкері атанған Массимилиано Аллегри 36 жастағы тәжірибелі португалиялықтың орнына жас ойыншыларға көбірек сенім артатынын айтқан болатын.

Криштиану Роналдудың туриндіктермен келісім-шарты 2022-ші жылға дейін жоспарланған. Ол 2020-2021-ші жылғы маусымда Италия чемпионатында 33 матчта 29 гол соғып үздік шабуылшы номинациясында жеңіске жетті. Оның "кәрі сеньорадағы" жылдық табысы 31 млн еуроны құрайды.