Криштиану Роналду психологқа жүгінді

29 қыркүйек 2022 17:53
©instagram.com/cristiano

Психология ғылымының докторы және жазушы Джордан Питерсон ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Криштиану Роналдумен кездескенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Футболшы профессормен кездесуді қалып, оның үйіне келген. Кейін олар екі сағаттай сөйлескен. 

"Роналду кітабымды оқып, менімен кездескісі келіпті. Мен оның үйіне бардым. Екі сағаттай сөйлестік. Ол жаттығу жасайтын құрылғыларын көрсетті. Өзінің компаниясы туралы айтты. Негізінен біз оның болашақта не қалайтыны туралы әңгіме айттық. Кедергілер туралы. Оларды қалай жою керектігі жайлы", - деді Питерсон журналист Пирс Морганға берген сұқбатында. 

Еске салайық, биыл 37 жастағы шабуылшысы "МЮ" сапынан кеткісі келген еді. Ол Чемпиондар лигасында ойнайтын командаға ауысуды қалады. Бірақ ақыры Роналду қазіргі командасында қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар