Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының шабуылшысы, бес дүркін "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду Португалияға оралғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
41 жастағы футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық алдында туған еліне келіп, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады.
"Отбасыма, үйіме қайта оралғаныма қуаныштымын", - деп жазды жұлдызды шабуылшы.
Өткен маусымда Роналду "Әл-Наср" сапында Сауд Арабиясының чемпионы атанды. Бұл оның клуб құрамындағы алғашқы чемпиондық титулы болды. Португалиялық шабуылшы чемпионатта 30 матч өткізіп, 28 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Осылайша ол тағы да өзінің жоғары деңгейін дәлелдеді.
Криштиану Роналду Португалия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған өтініміне енгізілді.
Роберто Мартинес жаттықтыратын команда топтық кезеңде Колумбия, Өзбекстан және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларына қарсы ойнайды.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.