Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кетті

12 қыркүйек 2023 12:13
©instagram.com/cristiano

Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапынан мерзімінен бұрын кетіп, Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына оралатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Goal.com басылымына сілтеме жасап.

38 жастағы Роналду сары қағаз түріндегі ескертулер салдарынан құрама сапынан бір ойынға шеттелді. Осылайша, ол Еуро-2024 іріктеуіндегі Люксембургпен (9:0) матчке қатыса алмады. 

Осы себепті Роналду Сауд Арабиясына оралып, клуб үшін ойныдарға дайындалмақ. "Әл-Наср" келесі матчтін 16 қыркүйек "Әл-Раедқа" қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport