Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының шабуылшысы, "Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Роналду Португалия құрамасымен қоштасты
41 жастағы футболшы мәлімдеме жасап, енді жетінші нөмірлі жейдені басқа ойыншыларға беретін уақыт келгенін айтты.
"Қымбатты португалиялықтар! Ұлттық құрамамыздың жетінші нөмірлі жейдесін іліп қоятын уақыт келді. Мен оны ешқашан тек өзіме ғана тиесілі деп санаған емеспін. Дегенмен 23 жыл бойы осы жейдені киіп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі стадиондарда еліміздің намысын қорғау мен үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік болды. Енді оны келесі ойыншыға табыстайтын сәт келді", - делінген Роналдудың әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.
Portugal estará sempre em mim https://t.co/dnFj51rxmh
— Cristiano Ronaldo (@Cristiano) November 5, 2026
Роналдудың ұлттық құрамадағы жетістіктері мен рекордтары
Португалия құрамасы сапында футболшы 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды. Сондай-ақ 2019 және 2025 жылдары УЕФА Ұлттар лигасында екі рет жеңіске жетті.
Роналду - Португалия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген әрі ұлттық команда сапында ең көп матч өткізген рекордшы.
Еске салайық, қыркүйек айының соңында шабуылшы бас бапкер Жорже Жезушпен арадағы келіспеушілікке байланысты ұлттық құраманың орналасқан жерінен мерзімінен бұрын кеткен еді. Мәліметтерге сәйкес, Роналду маманның Ұлттар лигасындағы матчтарда оның алаңдағы уақытын шектеу туралы шешімі ұнамаған.
Жарнама