Криштиану Роналду індетке шалдықты

Сурет: Football.ua
Әлемдегі ең мықты футболшылардың бірі, "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалия құрамасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Роналдудың COVID-19-ды анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұған дейін "Ювентустың" бірнеше ойыншысынан коронавирус анықталған. 

Футболшы індетті симптомсыз өткеріп жатыр және командадан оқшауланған.

Енді ол Ұлттар лигасы аясындағы Швеция құрамасына қарсы ойынға қатыса алмайды.