Криштиану Роналду миллиард доллар табыс көрген бірінші футболшы болады

Сурет: GETTY IMAGES
Туриндік "Ювентус" форварды Криштану Роналду карьерасында миллиард доллар табыс көретін бірінші футболшы болады, - деп хабарлайды РИА Новости италиялық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Коронавирус пандемиясына байланысты "Ювентус" футболшыларының еңбекақысын қысқартқанына қарамастан, Роналду табысы миллиард долларға 2019/20 маусымының аяғында жетпек.

Ал жалпы миллиард доллар табыс көрген спортшылар арасында Португалия құрамасының шабуылшысы үшінші болады, гольфист Тайгер Вудс пен боксшы Флойд Мейвезерден кейін. Спортшылар ішінде тағы бір миллиардер НБА-ның алты дүркін чемпионы және қазір "Шарлотт Хорнетс" командасының иесі Майкл Джордан.

Өткен маусымда "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Роналдудан көп табыс тапқан екен, алайда, футболшылар арасында бірінші миллиардер бәрібір португалиялық ойыншы болмақ. 

Сонымен қоса, Үлкен дуылға сериясын 20 рет ұтқан швейцариялық Роджер Федерер де алдағы күндері табысын миллаирдқа жеткізіп, осынша табысқа кенелген бірінші теннисші атанады.  
Жаңалықтар